Елімізде тағы бір қала Екібастұздың күйін кешуі мүмкін

Елімізде тағы бір қала Екібастұздың күйін кешуі мүмкін
фото: Фото: baq.kz

Елімізде тағы бір қала Екібастұздың күйін кешуі мүмкін

Ақтаудағы бірнеше шағынаудан тұрғындары ауыз су мен ыстық судың, сондай-ақ жылытудың жоқтығына шағымданды.

Атап айтқанда, 12 шағын аудандағы 25 үй, 4 шағын аудандағы 67 үй, 7 шағын аудандағы 9 үй, 17 шағын аудандағы 102 үй, 13 шағын аудандағы 42Б үйі және басқа да үйлердің тұрғындары бүгін ауыз сусыз қалған.

«Ыстық су қашан болады? Ақтауда Екібастұздың жағдайы қайталанайын деді ме? Неліктен мұндай жағдай болды? МАЭК әкімдікке қашан тапсырылды? Егер МАЭК-те апат болса, неге тұрғындарға бұл туралы хабарламайды?! Мұның бәрі диверсияға ұқсайды!» - деп шағымданды тұрғындар.

Сонымен қатар тұрғындар шенеуніктерге ҚР Су кодексінің бар екенін еске салып, ондағы 92-5-бабына сәйкес, халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сумен қамтамасыз ету кепілдіктері көрсетілгенін айтты.

«1. Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың қосылған желілері болған кезде су тұтынудың және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұрудың белгіленген нормаларына сәйкес ауызсумен қамтамасыз етіледі.

2. Елдімекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің меншік иесі халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.

92-10-бапқа сәйкес сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері:

2) елдімекендерде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етуге;

5) елдімекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиісінше пайдалануды қамтамасыз етуге негізделген;

- Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады» делінген кодексте.

bugin.кз