Елімізде шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымнан басталады

Елімізде шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымнан басталады

Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасына сәйкес ресми жағажайларда шомылу маусымы кезінде балалардың қауіпсіздігіне және оларды оқытуға ерекше назар аударылады. Бұл үшін балаларды жүзуге үйрету бойынша жұмыс жүргізетін қауіпсіз жағажайлар жабдықтау жоспарланып отыр.

Елімізде 50 мыңнан астам су айдыны бар, олардың негізгі бөлігі қорғалмаған, яғни шомылу үшін қауіпсіз емес. Осы орайда, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин адамдардың қаза болуына жол бермеу үшін кешенді алдын алу шараларын қолданудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте дәстүрлі әдістерге тоқталып қана қоймай, көпшіліктің назарын аударудың және су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірудің жаңа жолдарын табу қажет.

Сонымен қатар, жазатайым оқиғаларға жыл сайынғы талдау көрсеткендей, жеткіншектердің қайтыс болуына негізінен олардың жазда  жұмыспен қамтылмауы, үйірмелердің, секциялардың, лагерьлердің болмауы себеп. 

Осыған байланысты жауапты орындаушылардың 2020-2023 жылдарға арналған санаторийлер, турбазалар, ұлттық саябақтар, оқу орындары жанынан ашу арқылы балалар лагерлері желісін кеңейтудің жол картасы пунктерін іске асыруға неғұрлым мұқият болуы қажет.   Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин

Айта кетсек, жыл басынан бері ғана Түркістан облысында ата-анасының қарауынсыз қалған суару каналдары мен арықтарға батып кеткен бес баланың қазасы тіркелді.