Елімізде қысқы туризм дамып келеді

Елімізде қысқы туризм дамып келеді

     Отандық және сыртқы туризм саласы коронавирус пандемиясынан кейін қалпына келіп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, алдағы қыста былтырмен салыстырғанда демалуға баратындар саны әлдеқайда көп болмақ».

     Бірі отандық курорттарды таңдаса, басқасы шетел асып, жылы аймақтарда тыныққанды жөн көреді. Шектеулер жойылып, Қазақстанға визасыз келетін елдер тізімі ұлғайды. Соның арқасында шетелдік туристер ағыны ұлғаяды деген болжамдар бар.

      Данияр Сағымбаев 10 жыл бұрын елорда іргесіндегі Қосшы қаласында демалыс орталығын ашқан. Қазір ол жұмысшыларымен бірге қысқы маусымға дайындалып жатыр. Кәсіпкердің айтуынша, мұнда тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдік туристер де көп келеді. Өйткені олар біздің табиғатқа және қысқы спорт түрлеріне қатты қызығады.

     Көбіне Германияның адамдары келеді. Осында келіп, олар әбден қысқы ойындарды ойнап алады. Биыл отандық қысқы курорттар Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн сынды мемлекеттерден туристерді күтіп отыр. Өйткені «Қазақ туризм» компаниясы 10 шақты халықаралық көрмеге қатысып, еліміздің демалыс орындарын айтарлықтай жарнамалап, тиісті келісім шарттар жасасқан.

     Шекаралар ашылғандықтан, қазақстандықтар да шетелге барып белсенді демалып жатыр. Қазір сыртқы туризмде ай сайын жаңа бағыттар ашылып жатқанын байқауға болады. Мысалы, енді Астана мен Алматы қалаларынан Вьетнам еліне тікелей рейспен ұшуға болады.

     Туристік компания мамандарының айтуынша, қазір шетелдік турлардың құны қолжетімді. Тек мектеп демалысы мен жаңа жыл қарсаңында ғана өсімді байқауға болады. Ал отандық демалыс орындарындағы 1-2 күндік демалыс құны қазақстандықтарды жиі таң қалдырады. Көбі біздегі қызмет көрсету сапасы бұл бағаға тұрмайды деп есептейді.
    Ақпарат дереккөзі