Елімізде құжаттарды жеткізудің жаңа түрі пайда болады

Елімізде құжаттарды жеткізудің жаңа түрі пайда болады

Былтырдан бастап қазақстандықтар үшін құжатты жеткізу қызметі қолжетімді еді, енді оның аясы кеңейе түспек.

«ЦОН» атты мобильді қосымша әзірленді. Қосымшаны AppStore және PlayMarket платформаларынан жүктеуге болады. Ол жерде азаматтарға 13 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді. Ол үшін ХҚО операторымен бейнебайланыс орнатса болғаны.

Жиі қолданатын қызметтердің қатарында қайта куәлік беру, тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу және техникалық төлқұжаттың көшірмесін жасату бар. Сол сияқты аталған мобильді қосымшаның көмегімен жақын маңдағы ХҚО-ны тауып, алдын ала кезекке тұруға болады.

Бүгінде «ЦОН» атты мобильді қосымшаны 32 мыңнан астам қазақстандық қолданып жатыр. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин осылай мәлімдеді.

Өткен жылдан бастап дайын құжаттарды жеткізу қызметі іске қосылды. Бүгінде аталған қызмет еліміздің 16 қаласында қолжетімді. 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап осы күнге дейін 6 мыңнан астам құжат клиенттердің үйіне жеткізілді. Оны қолдану әдісі оңай. Құжат дайын болғанда клиенттің телефон нөміріне SMS хабарлама келеді. Хабарламадағы сілтеме арқылы өтіп, 970 теңге төлеуіңіз керек. Төлем қабылданған соң құжат сол күні сізге жеткізіледі.

Қазіргі уақытта бұл қызмет түрін жетілдіру жағы қарастырылып жатырмыз. Яғни құжатты басқа да платформалар арқылы жеткізу. Мысалы, Yandex арқылы жеткізу мүмкіндігі пайдаланылмақ.

 

Фото: econsulting.kz