Елімізде қант өндірісі 7 есе өседі

Елімізде қант өндірісі 7 есе өседі
фото: https://www.kt.kz

Елімізде қант өндірісі 7 есе өседі

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында елімізде қант өндірісін 7 есеге өсіру жоспарланып отырғанын айтты.

«Қазір еліміз жыл сайын шамамен 532 мың тонна қант тұтынады.  Оның 7 пайызын өзімізде шығатын шикізат есебінен тұтынамыз. Сондықтан біз қант өндірісін 7 есеге, яғни 254 мың тоннаға дейін  ұлғайтуымыз керек. Ол үшін сумен қамтамасыз ету проблемасын шешіп, егіс алқаптарын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін көбейту керек», – деді ол.

Оның айтуынша, шетелден келетін қанттың импорты 32%-ға төмендесе, өз елімізде шығатын қанттың өндірісі 7%-дан 43%-ға дейін артады.

Мәтіндегі ақпарат туралы