Бүгінгі таңда тұтынушылар үшін күтпеген жерден пияз жоғары сұранысқа ие тауарға айналды. Мұның басты себептерінің бірі пияз өсірумен айналысатын Пәкістан, көршілеріміз Өзбекстан мен Ресейде өндірісінің жоқтығынан екен.
Сондықтан болар, Мәскеудегі дүкен сөрелерінде пияз бағасы,төл ақшаға шаққанда, 500 теңге, Өзбекстанда 350 теңге тұрады. Ал бізде баға 400 теңгеге дейін өсті. Алайда Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин пияз тапшылығына жол берілмейтінін айтады.
Ел тұрғындарын аталған өніммен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. Пияз бағасының қымбаттауына еш негіз жоқ. Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.
Министр қазір бағаның тұрақталғанын және пияз өзімізге жететінін айтып иландырды.
«Осы осы өнімнің экспортын жауып тастадық. Пиязды қаппен сатып алудың реті жоқ. Бірақ оның саудасына алып-сатарлар да кірісіп кеткенін байқадық. Елордадағы «Магнум» сауда желісінде пияз 130 теңгеден сатылып жатыр», - деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, жақында «Магнум» сауда желісінің қызметкерлері тиісті тексеріс жүргізіп, арзан өнімді базарға саудаға шығарған 19 адамды анықтады.
«Мұндай алып-сатар әрекеттер дұрыс емес. Біз осы тауарды қарапайым халық үшін сақтап, 130 теңге сомасында өткізіп жатырмыз. Сонымен қатар, пияздың сапасы нашар деген уәж айтылды. Осыны тексеріп, сапасы жақсы екенін көрдік», - деді министр.
Өңірлердегі тұрақтандыру қорларынан ірі сауда нысандарына пияз жеткізіліп жатыр.
Жалпы қазақстандықтардың тұтынуына ай сайын 30 мың тонна пияз қажет.
Фото: Twitter
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через