2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына өзгерістер енгізіледі.
«Тұжырымдаманы Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі мәселелерді шешу үшін бекітті. Құжат аясында агенттік заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша және ӘҚБтК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр. Аталған консультативтік құжаттар «Ашық НҚА» интернет-порталында талқылау үшін орналастырылған». Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин хабарлады.
Заң жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесіне сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу, пара беру туралы уәде-ұсыныс үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін өту мерзімін ұлғайту және тағы басқалар жоспарланған.
Консультативтік құжаттар 3 маусымға дейін жария талқылауға ұсынылған, тұрғындар оған қатысып, өз ойларын білдіре алады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через