Елімізде негізгі ҰБТ басталды

Елімізде негізгі ҰБТ басталды

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.

Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау 28 сәуірде басталған. Талапкерлер 14 мамырға дейін өтініш беді. 

Тіркеу testcenter.kz сайтында жүргізілді.

ҰБТ өткізу мерзімі - 16 мамыр мен 5 шілде аралығы.

Түлектер 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне, 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында екінші мүмкіндігіне өтініш берді.

Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өтетін орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды.

Талапкерлер аталған кезеңде тестіні 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім гранты конкурсына қатыса алады.

Бұл ҰБТ-ға кімдер қатыса алады: 

2023 жылғы мектеп және колледж түлектері, мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері, шетелде 11(12) сынып білім алушылары, қандастар, шартты түрде оқып жатқан студенттер.

Биылғы мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалғандары үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.

Фото twitter.com, twitter.com