фото: pixabay.com
Республика бойынша электрон лотереяны сату терминалдарының жұмысы тоқтатылды.
Азаматтар мен мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштерге байланысты Туризм және спорт министрлігі 2023 жылы екі мәрте - мамыр және қараша айларында лотерея операторы - "Сәтті Жұлдыз" АҚ-ға лотерея клубтарының жұмысын және электрон лездік лотереяны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынымдар жолдады.
Министрліктің 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика аумағында "Lotomatic" терминалдары/киоскілері арқылы электрон лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылды. Алайда кейбір жерлерде "Lotomatic" "сары-көк" ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс істеуі мүмкін.
"Осыған байланысты азаматтарды қырағы болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды, сондай-ақ, заңсыз жұмыс істеп тұрған "Lotomatic" киоскілері немесе лотерея терминалдарын байқасаңыз Министрліктің Telegram және WhatsApp (+7 707 9071507) чат-ботына хабарлауды сұраймыз. Әрбір өтініш лотерея операторы мен құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып мұқият қаралатын болады. Құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.
Министрлік мемлекеттік органдар қоғам өкілдерінің көмегімен электрон лездік лотереялардың заңсыз қызметін тоқтатып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғай алатынына сенімді.
Материал kaz.tengrinews.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через