Қазақстанда 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың вагондарындағы үстіңгі сөрелер 20% арзандайды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ үстіңгі және төменгі орындықтардың жолақысына сараланған тәсілді пилоттық режимде енгізді және ол 2023 жылдың 28 ақпанына дейін әрекет етеді.
Бес бағыттағы жолаушылар пойыздарында жоғарғы орындар 20% арзандайды:
1. №111/112 Алматы – Маңғыстау;
2. №51/52 Алматы – Орал;
3. №105/106 Алматы – Петропавл;
4. №71/72 Астана – Шымкент;
5. №29/30 Алматы – Атырау.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев премьер-министр Әлихан Смайыловқа алдағы уақытта ҚТЖ-ны ұлттық көлік-логистикалық компанияға айналдыру жоспарын таныстырды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через