Елімізде hydro.gov.kz цифрлық платформасы әзірленіп жатыр

Елімізде hydro.gov.kz цифрлық платформасы әзірленіп жатыр
фото: Фото: pixabay.com

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су саласын цифрландыру мәселелері туралы баяндады.

"Елдің су-ресурстық әлеуетін есепке алу және болжау жүйесін дамыту, су ресурстарын басқару мен жоспарлаудың ақпараттық жүйелерін жетілдіру мақсатында Тұжырымдамада Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан су ресурстарының Ақпараттық-талдау орталығын құру көзделеді. Су саласын цифрландыру – шұғыл шараларды талап ететін өте маңызды мәселе. Цифрландыру бағыты бойынша министрлік "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясымен бірлесіп, су ресурстарының интерактивті геоақпараттық платформасын әзірлеп жатыр", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Бұл ретте, бірынғай су кадастры бойынша су нысандарының деректері, гидротехникалық ғимараттар, су бассейіндік учаскілер, гидропосттар, ғарыштық мониторинг жүргізуге электрондық форматтағы паспортын көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, су шаруашылығы субъектілерінің есебі автоматтаңдырылады.

"Бұл ақпараттық жүйе 2024 жылдың 3 тоқсанында өндірістік пайдалануға беріледі. Тұжырымдамада 3,5 мың шақырымнан астам каналдарды цифрландыру және суару жүйелерінің су есебін автоматтандыру жоспарланғанын атап өту маңызды", – деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.

ҚазАқпарат