Елімізде электр энергиясының 70%-ы көмірден өндіріледі

Елімізде электр энергиясының 70%-ы көмірден өндіріледі

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 20 пайызы газдан, 3 пайызы жаңартылатын көздерден (ЖЭК), қалғаны судан өндіріледі.

Статистика мамандарының мәліметінше6 2021 жылы жаңартылатын энергия көздері нысандарының электр энергиясын өндіру көлемі 4,2 ​​млрд кВт/сағ болды.

Бұл ретте, ірі СЭС-терді ескере отырып, жаңартылатын энергия объектілері өндіретін электр энергиясының үлесі 2015 жылғы 10,3%-бен салыстырғанда 2020 жылға қарай 11%-ға жетті.

2022 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің жүйелік операторы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін электр энергиясын тұтынуға шектеулер енгізе отырып, энергетикалық жүйенің Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтары үшін төтенше режим жариялағаны хабарланды.

7 желтоқсанда Қазақстанның энергетикалық жүйесінің бүкіл тарихында тарихи максималды тұтыну тіркелді - 16 459 МВт. Бұл ретте елдегі электр станцияларының жалпы генерациясы небәрі 15 203 МВт болды. Тапшылық ресейлік энергетика жүйесінен жоспардан тыс ағындар есебінен жабылды.

Дереккөз  Zakon.kz. Фото: digitalinfranetwork.comneizvestnayamoskoviya.ru