фото: https://pixabay.com/ru/
Елімізде әрбір бесінші адам әлеуметтік жәрдемақы алады. Дегенмен оның ішінде еңбекке жарамдылар да бар.
Мемлекеттік органдар енді мұқтаждық пен масылдықтың аражігін ажырата білуі тиіс. Яғни көмек шынымен мұқтаж азаматтарға берілуі қажет. Президент те осындай тапсырма беріп отыр. Осыған қатысты жұртшылықтың пікірін тыңдап көрейік.
Тұрғындар:
- Иә, толықтай келісемін негізі Президенттің айтқанымен. Расын айтқанда, мұқтаж емес жандар қазір тізімге де кіріп кетіп жатыр ғой, қол-аяғы, дені сау дегендер. Бұл жерде көзге көрінбей қалып жатқан көптеген мұқтаж жандар бар.
- Тараптарын қарап, бөліп көру керек енді. Ол үшін комиссия құрылып, арнайы тексеріп, бақылау керек. Содан бір қорытынды шығарып, кім мұқтаж, соған беру керек деп ойлаймын.
- Президенттің айтқанымен толықтай келісемін. Мұқтаж жандар қазір шамамен көп, иә. Мұқтаж жандарға көмектесу керек.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через