Халықаралық тәжірибе

Бөлісу

Елімізде әлемдік Johns Hopkins дарынды балалар орталығы ашылмақ

Елімізде әлемдік Johns Hopkins дарынды балалар орталығы ашылмақ

 Нұр-Сұлтан немесе Алматы қаласында әлемдік деңгейдегі дарынды балаларға арналған орталық ашу жоспарланып жатыр. Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әнуар Ұнайбеков мәлімдеді

 «Әлемдегі дарынды балалармен жұмыс істейтін ең ірі орталықтардың бірі Johns Hopkins ұйымымен меморандум жасауды жоспарлап отырмыз.», - деді Әнуар Ұнайбеков.

Оның айтуынша, әлемде 13 «Johns Hopkins» дарынды балалар орталығы жұмыс істейді. Оның оны АҚШ-та, ал үшеуі Гонконг, Ирландия және Грецияда.

«Жақын арада Нұр-Сұлтан немесе Алматы қаласында 14-ші орталық ашу туралы бастама көтеруді жоспарлап отырмыз», - дейді Әнуар Ұнайбеков.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото scrolldrop.blogspot.com

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через