Елімізде 800 теміржол вагонының тозығы жеткен.

Елімізде 800 теміржол вагонының тозығы жеткен.

Елімізде 800 теміржол вагонының тозығы жеткен.

30 жыл пайдаланылған, кондиционер сынды қажетті функциялар  қарастырылмаған жолаушылар пойызы талапқа толық сәйкес келмесе де, әлі қолданыстан шығарылмаған. Тозығы жеткен вагондарды 2029 жылға дейін жаңарту көзделген.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өндіріс жөніндегі атқарушы директоры Асхат Ақынбеков Standard.kz порталының тілшісіне кәсіпорындағы шешімін күткен проблемалар мен алдағы жоспарымен бөлісті.  

Алдағы жаз маусымына теміржол бағыттарының санын 122-ден 158-ге дейін көбейту жоспарланған. Билет сату тәртібі  «Мобиус» электронды жүйесіне ауыстырылды. Бұл арадағы алыпсатарлардың жолын кесіп, билет тапшылығын шешпек. Қазір жаңа жүйе арқылы билетті онлайн сату үлесі 70 пайызға жетті. Бұл  былтырғымен салыстырғанда 16%-ға артық.

«Жазға таман бұл пойыздар бүкіл 158 бағыт болады. Оның ішінде жолаушы тасымалы, жақын қашықтықтағы, қала маңындағы бағыттар бар. Әлеуметтік бағыттар бойынша 152-нің 8-і ғана коммерциялық түрде жүреді. Қалған 158-дің 150-і әлеуметтік бағытта. Соңғы 2011 жылдан бері алатын болсақ, 1100-ден астам вагон сатып алдық. Биылғы жылы Тұлпар «Тальго» технологиясымен құрастырылған 62 вагон және «Тверь» вагон құрастыру зауытымен тағы да 10 вагон қарастырып отырмыз». Асхат Ақынбеков, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өндіріс жөніндегі атқарушы директоры.

Қосымша ақпарат:  «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да  биылдан бастап жастарды қолдап, дамытуға бағытталған «Жас Темір» бағдарламасы іске қосты. Бағдарлама мақсаты – ұлттық компания кәсіпорындарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Бұл тәлімгерліктің үздік тәжірибесін енгізу және компанияны дамыту перспективалары есебінен жүзеге асырылады. Жас мамандар бес кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтеді. Бағдарламаның басты артықшылығы – компанияның тәжірибелі қызметкерлерінің арасынан іріктелген жеке тәлімгерлер жетекшілігімен жас мамандарды жеделдетіп дамыту. Бағдарламаға қатысу кезінде жастар ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелерінде 3 ротациядан өтеді, әр ротация ұзақтығы – 5 ай.

Фото: m.azh.kz