Елена Рыбакина Брисбен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина Брисбен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды
фото: КТФ

       Елена Рыбакина Брисбенде (Австралия) өткен WTA 500 сериясы турнирінде жеңіске жетті.

       Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші Беларусь теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Арина Сабаленконы ұтты.

       Бірінші сет 25 минутқа созылды. Рыбакина 6:0 есебімен жеңді. Екінші ойында 6:3 есебімен жеңіске жетті.

       Осылайша Елена Рыбакина 2024 жылдың алғашқы жарысында чемпион атанды.

       Baq.kz