фото: https://pixabay.com/ru/
Қазіргі таңда қоршаған ортаны, адамдарды электромагниттік сәулелену көзі болып табылатын тұрмыстық техникаларсыз елестету мүмкін емес. Бірақ та олардың адам ағзасына тигізіп жатқан әсері қаншалықты екенін көбі біле бермейді.
Электромагниттік өріс электр және магнит өрісінен құралады. Ол толқын түрінде таралады.
Компьютерлер және тағы да басқа құралдардың орналастыру талабы мен пайдалану уақыты сақталынуы тиіс. (Күнделікті тиісті уақыты-5 сағат).
Күннен-күнге белең алып келе жатқан электромагниттік сәулеленуден қорғану амалдары: шетелде қолданылуы дамып келе жатқан шунгит минералын қолдану. Шунгиттің қасиеттері. Электрөткізуші. Құрамындағы көміртегінің үлесі 99% дейін барады.
Алдың-алудың негізгі әдісі-радиосәулелену деңгейін тексеру қажет.
ЭМӨ радиожиілік (мм, см, дм) көздерімен жұмыс жасайтын адамдар 12 айда 1рет медициналық бақылаудан өтеді.
Кешенді ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-сауықтандыру және емдеу-профилактикалық шараларын іске асыру сырқаттанушылықтың төмендеуіне себеп болады.
Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мұсаева Анель Берікбайқызы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через