Еуропадағы газ бен электр энергиясы бағасының шарықтауы Еуроодақ елдерін алаңдатып отыр.
Кәрі құрлықта газ құны қаңтар айынан 250%-ке өсіп, электр энергиясы 3 есе қымбаттаған. Сарапшылар бұл қыс мезгілі алдында «Газпромның» Ресейдегі қоймаларды толтыруға күш салуынан деп отыр. Және Еуроодақ пен АҚШ саясаткерлерінің «Солтүстік ағын-2» жобасын іске қосуға кедергі келтіруінен деп айтады.
Кадри Симсон, ЕО Энергетика жөніндегі Еурокомиссары:
- Кездесуде электр энергиясы бағасының шарықтауына қатысты мәселе көтеруді жоспарлап отырмын. Менің ойымша, Еуропа жаңғыртылатын қуат көздеріне қаржы бөліп қолдауды күшейту қажет. Себебі, ол қазбалы отын импортына тәуелділікті азайтуға көмектеседі.
Мәтіндегі ақпарат туралы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через