фото: kursiv.media
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов елдегі барлық футбол алаңдары тексерілетінін айтты.
«Біз спортты дамыту бойынша 7 жылға тұжырымдама әзірледік. Қазір министрлік ауқымды инвентаризация жүргізіп жатыр. Елімізде 43 мың спорт нысаны бар – мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы беріп отыр. Қазір пилоттық режимде екі өңірде инвентаризация басталды, жыл соңына дейін еліміздегі барлық футбол нысандарын түгендегіміз келеді. Осыдан кейін біз олардың қандай жағдайда екенін және әр аймақтың ерекшелігін ескере отырып, қандай шаралар қабылдау керектігін көрсете аламыз», - деді Асхат Оралов Үкімет қабырғасында.
Кеше Астанадағы №10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды.
Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін маусым айында Ақтауда басына футбол қақпасы құлаған 16 жастағы жасөспірім қайтыс болған еді.
Ал, мамыр айында 13 жасар бала Теміртаудағы спорт кортында жарақат алды. Баланың басына футбол қақпасы құлаған.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото kursiv.media
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через