Елде су тасқынының алдын алу шаралары жүріп жатыр

Елде су тасқынының алдын алу шаралары жүріп жатыр

       Елімізде Ұлытау мен Павлодар облыстарынан басқа барлық өңір су тасқыны қаупі жоғары аймақта тұр. Дегенмен оның алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр. Мұны Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлімдеді.

       Жалпы Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 3-тен 84 сантиметрге дейін артқан. Бірақ алаңдауға себеп жоқ, - дейді мамандар. Қазір орын алуы мүмкін апатқа қарсы еліміздің барлық өңірінде арнайы комиссия құрылып, 700 техника жұмылдырылды.

       Амангелді Беков, ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары:

       - Қазіргі таңда осы су тасқынына дайындық бойынша 25 мың куб материал дайындалды, ол – құм, палас, қиыршық тас. Сонымен қатар 5 мың куб бутовый тас дайындалып қойды. Оның бәрі жолды жерлеріне шығарылып қойды. Күнде патрульдеу жүріп жатыр. Қауіпті жерлердің бәрінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

        Ақпарат дереккөзі