фото: astanazan.kz
Елде мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылады. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанында жұмыс істейді.
Ел аумағындағы 350 мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетеді. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында айтылды.
Бүгін төменгі палата депутаттары кейбір заңнамалық актілерге ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Оған сай ақпаратты, оның ішінде дербес деректерді қорғаудың құқықтық базасын қалыптастыруға мүмкіндік ашылады. Яғни мемлекеттік бақылау енгізіледі.
Ал деректің негізсіз жарияланғаны белгілі болса, иесіне үш күн ішінде хабарлануы тиіс. Сонымен қатар, жеке куәліктің қағаз көшірмесін жинауға тыйым салынады.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Біз дербес деректер бойынша мемлекеттік бақылауды күшейтеміз. Демек, ақпараттардың жосықсыз таралуын ғана, оның қаншалықты қорғалғанын да назарда ұстаймыз. Қорғаныс жүйесі оны алдын ала тексеруге мүмкіндік береді. Заң жобасының екінші блогы "ақ хакерлер" институтын және бак-баунти платформасының қазақстандық аналогы жұмысын құқықтық реттеуді ұсынады. Бұл шара ақпараттық жүйе зерттеушілерін ақпараттық жүйе қателіктері мен осалдықтарын анықтауға тартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, деректері негізсіз таралып кеткен әр пайдаланушыға, 1414 номері арқылы ескерту хабарламасы жіберіледі.
Дереккөз 24.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через