фото: Pexels
Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Кеше түстен кейін сыртқы желілер тарапынан электр энергиясының өшуіне байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтатылды. Дәл осындай себеппен Қарабатандағы газ-химия кешеніндегі жұмыс та апаттық жағдайда тоқтатылды. Электрдің өшуінің салдарынан Атырау мұнай өңдеу зауытының барлық технологиялық қондырғылары қауіпсіз тоқтатылды.
Авариялық жағдайдың алдын алу және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін апатты жою алгоритміне сәйкес барлық қондырғыдан көмірсутегі газы алауға жіберілді, - деп атап өтті компания өкілі.
Сонымен қатар ол 3 шілдеге қараған түні электр қуатын қайта беру басталғаннан кейін зауыт қолда бар қорлардан мұнай өнімдерін жөнелтуді қайта бастағанын алға тартты.
Атырау мұнай өңдеу зауыты резервуарында бүгінгі таңда 26 мың тонна автобензин, 33 мың тонна дизель, 1200 тонна сұйытылған мұнай газы бар. Бұл көлемдер 7 күнге тұрақты жөнелтуге жеткілікті. Жалпы еліміз бойынша бір айға тұтынуға жеткілікті көлемде АИ-92 маркалы бензині мен дизель қоры бар. Ал АИ-98 маркалы бензиннің қоры 2 аптаға жетеді, - деді Дәулетжан Хасанов.
Үкімет басшысы батыстағы апатқа кінәлілер жауапқа тартылатынын айтқан болатын. Сонымен қатар ол елде жанар-жағармай тапшылығының болу мүмкіндігіне қатысты да мәселені айтты.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через