Оның 6,8 миллион гектары – жайылымдық жер.
Соңғы екі жылда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 8,1 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерінің бос жатқаны немесе тиісті мақсатта пайдаланылмағаны анықталды, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі.
8,1 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерінің 6,8 миллион гектары – жайылымдық жер.
"2021 жылы 1,3 миллион гектар пайдаланылмаған жайылымдық және егістік жер анықталды. Осы орайда, ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылдың соңына дейін тағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын 5 миллион гектар жерді анықтауды жоспарлап отыр", – деді министрліктегілер.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через