фото: Pexels
Олар пәтер жағалап, оқудың емес, керісінше, пәтер-ақының қамымен жүр.
Мәжіліс отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев осындай мәселе көтеріп, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады. Айтуынша, салынуы тиіс 900 орындық бірнеше жатақхананың екеуі ғана қолданысқа берілген. Бұл ретте мәжілісмен, Әлихан Смайыловқа, инвесторлармен жүйелі жұмысты ұйымдастырып, осы жазда құрылыстың қарқынын күшейту керек екенін айтты. Сондай-ақ студенттік жатақхананы «әлеуметтік маңызы бар нысан» ретінде қарастыруды ұсынды.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 2023 жылдың жоспарына сәйкес 11 400 орындық 34 жатақхана іске қосылуы тиіс еді. Бірақ, бұл процесстің өте баяу, әрі тиімсіз шаралардың әсерінен орындалмай қалу қаупі жоғары. Студенттік жатақхананы әлеуметтік маңызы бар нысан ретінде қарастырып, жатақхана салу мәселесінде арнайы мемлекет пен жекеменшік әріптестік деңгейіндегі жаңа бағдарламаны іске қосу қажеттігінің уақыты келгенін жеткіземіз. Күздік оқу науқанында вокзалда, далада қонған жас ауылдастарымызға аянышпен қарамау үшін, нәтижелі жұмыстарды пысықтауысыз керек.
Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/606918-elde-70-my-nan-astam-student-zhata-khana-a-m-tazh
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через