Таза өмірді бастауға арналған 5 пайдалы кеңес.
Полярлық мұздықтардың еруі, жаһандық климаттың өзгеруі, миллиондаған тонна қоқыстардың жиналуы, ауа мен мұхиттардың ластануы сияқты мәселелер, бұрыннан жердің экологиялық проблемалары болып табылады. Бүгінгі таңда парниктік газдар шығарындыларымен күресуге, жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін сақтауға, биоалуантүрлілікті қалпына келтіруге және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге миллиардтаған қаржы жұмсалады. Өз отбасының денсаулығы мен әл-ауқатын уайымдап жүрген қарапайым адам мұндай жағдайда қалай көмектесе алады?
Шындығында, «эко-френдли» өмір салтын ұстану біз ойлағаннан әлдеқайда оңай. Көп ұзамай денсаулыққа пайдалы өнімдерді, киімдерді және жабдықтарды саналы түрде таңдау жақсы әдетке айналады. Мұнда назар аударуды талап ететін бірнеше қарапайым кеңестер берілген.
Электр қуатын үнемдеу
Үйге жаңа электронды және тұрмыстық техниканы таңдағанда, оның энергиялық тиімділігін бірден екі себеп бойынша бағалау керек. Біріншіден, электр энергиясына жұмсалған шығындарыңыз азаяды. Екіншіден, сізге қызмет көрсететін электр станциясы сол электр энергияны өндіру үшін қалпына келмейтін пайдалы қазбаларды аз пайдаланады.
Мысалы, ауаны тазартатын небір кондиционерлер бар. Классы A++ немесе A+++ қуаттылық тиімділігі бар заманауи құрылғылар одан да тиімді, өйткені олар бұрынғыдай моторды өшірудің орнына оның жылдамдығын реттейді және нәтижесінде құрылғы дыбыссыз, тиімді және ұзақ уақыт жұмыс істейді.
Суды үнемдеу
Қазіргі уақытта ағынды сумен үйреншікті ыдыс жуу тәсілі ысырапшылдыққа жататынын мойындайтын уақыт келді. Ыдыс жуу кезінде суды үнемдеу үшін раковинаны қымтып, содан кейін шаюға болады. Алайда ыдыс жуғыш машинасымен көбірек үнемдей аласыз.
Тазартқан жерде емес, ластамаған жерде ғана тазалық болады
Әзірге қоқысты бөлек жинауға және жоюға арналған контейнерлерді барлық жерде таба алмайсыз, бірақ бір нәрседен бастау керек. Жақын жерде сұрыпталған қалдықтарға арналған тиісті контейнерлер болмаса да, дүкенге барған кезде бір рет қолданылатын қалталардың орнына қайта тұтынуға болатын сөмкені пайдалануды бастай аласыз, пластикалық қаптамаларды шыны, ПЭТ пластик немесе қағазға ауыстырып, үй техникасын таңдаған кезде ресурстарды сақтау және үнемдеу мүмкіндігін қарастырыңыз.
Айналадағы экожүйені қалпына келтіру әркімнің міндеті екенін түсінетін уақыт келді. Күнделікті өмірде қоршаған ортаны қорғауға арналған оңай, бірақ өте маңызды қадамдар, планетмызды таза ұстауға көмектеседі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через