Екі қазақ боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңді

Екі қазақ боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңді
фото: sputnik.kz

АҚШ-тың Калифорния штатында өткен бокс кешінде Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) мен Бек Нұрмағамбет (8-0, 6 КО) қарсыласын нокаутпен жеңді.

Әбілхан Аманқұл мексикалық Даниэль Эчеверриаға (21-11, 18 КО) қарсы шықты. Екінші орта салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. Бірақ екінші раунда аяқталды. Аманқұл қарсыласын нокаутпен тізе бүктіріп, кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақпарат

Sputnik / Владислав Воднев