фото: kz.kursiv
Электрондық цифрлық қолтаңба қазір көп жерде қолданылады. Өмірімізді жеңілдеткені сонша, үйде отырып-ақ, кей құжаттардың электронды нұсқасын демде ала аламыз. Десе де, әлі күнге дейін ЭЦҚ жайлы жөнді біле бермейтін адамдар бар. Сіз де «бұл не өзі?» деп жүрген болсаңыз, бүгін сізді электрондық цифрлық қолтаңба туралы ақпаратпен таныстырамыз. Есіңізде болса, бұған дейін ЭЦҚ-ны онлайн алу жолдары туралы да нұсқаулық жасаған едік. Бұл жолы жалпылама сауалдардың жауаптарына тоқталғанды жөн көріп отырмыз.
ЭЦҚ деген не? Оны қай жерде қолданамыз?
Әдетте біз кез келген анықтама алған соң, соны алғанымызды, мәтінімен танысқанымызды растау үшін қол қоямыз. Ал енді дәл соның электронды құжаттарарға жүретін түрі — осы бүгін айтып отырған электронды цифрлық қолтаңда. Қағаз жеткізушіде кез-келген анықтама аларда, біз қолымызды қоямыз. Бұдан еш қорқудың қажеті жоқ. Себебі бүгінгі таңда, заманның ағымына байланысты электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен теңестірілген. Бұл сіздің кәдімгі қолтаңбаңыздың скан-нұсқасы емес, ЭЦҚ-да өзінің иесі туралы қажет барлық ақпарат сақтаулы тұрады. Түсініктірек болу үшін былай айтайық. Мысалы, ЖСН және одан да бөлек бірнеше цифрлық символдардан тұрады. Ол екі ортада шаруаны жеңілдетеді. ЭЦҚ-мен қол қойылған сұраныс немесе құжат мәліметтер беру процесінде мәліметтердің өзгермейтініне және бұрмаланбайтына қатысты ЭЦҚ кепіл береді.
Қолтаңба алу ақылы ма?
Жоқ, электрондық цифрлық қолтаңда тегін беріледі.
ЭЦҚ-ны жеке куәлікке қалай орнатады?
ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін алуға өтінімді сіз www.pki.gov.kz сайтында, «ЭЦҚ кілттерін алу» деген жерден бере аласыз. Берілген өтінішті басып шығару және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу орталықтарына 30 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет. Жаңа жеке куәліктер шығарумен қатар, сізде ЭЦҚ пайдаланудың және сақтаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Енді ЭЦҚ әрдайым өзіңізбен бірге болады. Бұл қосымша ұтқырлық пен қауіпсізідкті қамтамасыз етеді. Әрі өте ыңғайлы. ЭЦҚ-ны жеке куәлікке жазып, кез келген ҚҚО-да «электрондық үкіметтің» қызметтерін пайдалана аласыз немесе интернет желісіне қосылған кез келген компьютерден жеке куәлікті карт-ридерге қосу қажет. Жеке куәлікті жоғалтып алған жағдайда да сіздің ЭЦҚ-ыңыз арнайы PIN-кодпен қорғалғанына сенімді бола аласыз. Яғни бұл жағынанбанк картасына ұқсас. Жаңа үлгідегі жеке куәлікке ЭЦҚ жазуды (электрондық ақпаратты тасығышы бар) Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Тіркеу орталықтарының операторлары іске асырады.
Қанша жастан бастап беріледі?
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370 Заңының 14-бабына сәйкес Тіркеу куәлігі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен он алты жасқа толған адамға беріледі.
Кілтті жоғалтып алса не болады?
Аталмыш жағдайда қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет және тіркеу куәліктерін шақыруға өтініш беру. ҚР ҰКО жаңа тіркеу куәліктерін алу үшін ҚР ҰКО пайдаланушысының нұсқаулығына сәйкес ҚР ҰКО тіркеу куәлігін шығаруға жаңа өтінім беру және өтінімді беруде көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттардың қажетті пакетін ұсыну қажет. Сонымен қатар, онлайн түрде де алуға болады.
Әркімде жеке ЭЦҚ бола ма? Бір отбасы бәріне ортақ біреуін қолдануға мүмкіндік бар ма?
Электрондық цифрлық қолтаңба кәмелетке толған ҚР әр азаматына жеке тағайындалады. Сәйкесінше, сіздің отбасының барлық 16 жастан асқан, «электрондық үкімет» қызметтерін немесе басқа ақпараттық жүйелердің қызметтерін алуды жоспарлаған мүшелеріне жеке кілт керек. Өйткені ЭЦҚ «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңға сәйкес жеке қол қоюмен теңестірілген.
Менің атыма ЖШС тіркелген, бірінші басшы ретінде ЭЦҚ бар. Оны жеке тұлға ретінде пайдалана аламын ба?
Заңды тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасы өз құрылымында ұйымның атауын және бизнес-сәйкестендіру нөмірін қамтиды және көрсетілген заңды тұлғаға қызметтерді алу үшін пайдаланылады. Жеке пайдалану үшін (анықтамаларды алу және т.б.) ЭЦҚ өзіне жеке тұлға ретінде алу қажет.
Тіркеу куәліктері Ұлттық куәландырушы орталықтың қандай есептеуіш құралдарының техникасында сақтала алады?
Өтініш беруші тіркеу куәліктерін шығаруға арналған өтінім беру кезінде сақтау орны ретінде келесі есептеу техникасының құралдарын таңдай алады:
• Өз компьютері – бұл жерді таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері дербес компьютердің қатқыл дискісінде және файлдық жүйелерінде пин-код көмегімен қорғалған файлдар түрінде сақталады. Бұл сақталатын жердің артықшылығы сол — аталған файлдарды пайдалану жеңіл. Бірақ кемшілігі де жоқ емес — файлдардың заңсыз көшірмесін жасап алуы мүмкін.
• Казтокен – бұл жерді таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері Казтокен кілттік ақпараттың пин-код көмегімен қорғалған сыртқы тасығыштарында сақталатын болады. Бұл жерде сақтаудың артықшылығы – жабық кілттердің көшірмесін жасау мүмкін емес, ал кемшілігі – тасымалдағыш сатып алу қажет.
• Жеке куәлік – бұл жерді таңдаған кезде кілттер мен тіркеу куәліктері Қазақстан Республикасы азаматының электрондық ақпаратты тасымалдағышы бар жеке куәліктерінде сақталады. Бұл жерде сақтаудың артықшылығы – жабық кілттердің көшірмесін жасау мүмкін емес, ал кемшілігі – карт-ридер сатып алу қажет. Аталмыш тармақты таңдағанда кілттер және тіркеу куәліктерін таңдауда E-Token – дсн-кодының көмегімен қорғалған кілттік ақпаратты сыртқы қорғалған тасымалдағышта сақталады. Аталмыш сақтау орнының артықшылығы жабық кілттерді көшіру мүмкін емес, тасымалдағышты сатып алу қажеттілігінде жатыр.
• JaCarta – дсн-кодының көмегімен қорғалған сыртқы кілттік ақпарат тасымалдағышында аталмыш тармақты таңдауда кілттер және тіркеу куәліктері сақталады. Бұл сақтау орнының артықшылығы — жабық кілттерді көшіру мүмкін емес, кемшілігі – есептеуге арналған картридер сатып алу қажет.
• AKEY және SIM картасы
Жарамдылық мерзімі қанша?
ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімі файлдық жүйеге 1 жыл мерзімге таратылады. Егер ЭЦҚ кілттерін жазу қорғалған тасымалдаушыларға жүргізілсе (Жеке куәлік, Kaztoken, Etoken, Akey, JaCarta) онда әрекет ету мерзімі 3 жыл болады.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через