фото: radiometro.ru
28 шілдеде Қазақстанның студенттер құрамасы Универсиаданың басты стадионы – Чэнду қаласының (Қытай) Дуньаньху спорт паркінде өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиаданың ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі
Дәстүр бойынша, салтанатты шеруде әр елдің делегациясын ту ұстаушылар бастайды. Биылғы Универсиадада Қазақстан құрамасының туын Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының 3-курс студенті, 19 жастағы дзюдошы Қаблан Нұрсұлтан ұстап өтеді.
Нұрсұлтан дзюдомен 2013 жылдан бастап айналыса бастады. Оның қоржынында 12-ден астам жүлделі орын бар. Олардың ішінде: жасөспірімдер арасында дзюдодан ҚР Чемпионатында 1-орын, жасөспірімдер арасында дзюдодан Азия чемпионатында 3-орын, академик Қ. Сәтбаевты еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнирде 2-орын, қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирінде 1-орын және т.б.
Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Дзюдодан ҚР спорт шебері, дзюдодан Қазақстан ұлттық және жастар құрамасының мүшесі.
Фото radiometro.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через