Халықаралық тәжірибе

Бөлісу

Дубайдағы тағы бір бассейн Гиннестің рекордтар кітабына енді

  Дубайдағы тағы бір бассейн Гиннестің рекордтар кітабына енді

Deep Dive Dubai бассейні Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең терең бассейн ретінде енді.

Дубайда жаңа аттракцион - Deep Dive Dubai пайда болды. Бұл - әлемдегі ең терең бассейн. Ол Над-Аль-Шеба аймағында орналасқан және алты олимпиадалық бассейнге тең келетін 14 миллион литр су бар. Бассейннің тереңдігі 60 метр, бұл Гиннестің рекордтар кітабының алдыңғы рекордынан 15 метр үлкен.

Deep Dive Dubai үлкен суға батқан қаланы еске түсіреді және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 56 камерамен, сонымен қатар заманауи жарықтандыру және дыбыс жүйелерімен жабдықталған.

Мұнда сүңгуірлерге жаттығу жасауға болатынымен қатар, бассейннің түбінде шахмат пен үстел футболын ойнауға болады. Сонымен қатар, мультимедиялық өңдеу бөлмесі орнатылған су астындағы киностудия бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через