фото: aptamedia.kz
Тыйым салынған препарат қолданғаны үшін ұлттық құрамадағы Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серік енді 3 жыл бойы шаршы алаңға шыға алмайды. Бұл жөнінде Допингке қарсы орталық мәлімдеді.
Нақтырақ айтқанда, Саматәлі 2026 жылдың 31 наурызында, ал, Абзал 2026 жылдың 7 сәуірінде ғана рингке оралады.
Еске сала кетейік, Абзал былтыр халықаралық «Elorda Cup» турнирінде 67 келіге дейін салмақта топ жарған болатын. Финалда биыл Ташкенттегі әлем чемпионатында күміс алған Дулат Бекбауовты жеңді. Бұған қоса, жастар арасындағы Азия чемпионы.
Ал Саматәлі Төлтаев 60 келі салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері. Сонымен қатар жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс, ал Азия чемпонатының алтын жүлдегері.
Дереккөз 24.kz. Фото aptamedia.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через