Доктарантураға түсу үшін қазақ тілін білу міндетті ме?

Доктарантураға түсу үшін қазақ тілін білу міндетті ме?
фото: https://ainews.kz

Доктарантураға түсу үшін қазақ тілін білу міндетті ме?

Биылдан бастап докторантураға түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек.

Докторантураға түсу емтиханын тапсырсуға өтініш беру 1 қарашада басталған еді. Тіркелу 18 қарашаға дейін жүргізіледі. Емтиханға тапсыру құны – 15 804 теңге. Ол 5-11 желтоқсан аралығында өтеді. 

Тіркелу барысында талапкер тестілеудің орнын өзі таңдайды. 29 қарашада жеке кабинетіне тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат келеді. Емтихан тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына қатысты мәліметтерді тек 18 қарашаға дейін өзгертуге болады. 

Айта кетейік, 2022 жылы ережелерді бұзғаны үшін емтиханға жіберілмеген, сондай-ақ нәтижелері жойылған талапкерлер қайта докторантураға түсу емтиханына қатыса алмайды. Ал 4-20 тамыз аралығында тапсырылған емтихан сертификаты 1 желтоқсанға дейін жарамды. 

Докторантураға арналған білім беру гранттарының тізімін осы жерден жүктеп алуға болады.

bugin.кз