Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты

Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің ширек финалына шықты
фото: Қазақстан теннис федерациясы

     Қазақстандық, әлемнің 250-ракеткасы Дмитрий Попко Мерида (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 540-орында тұрған америкалық Алекс Рыбаковпен кездесуі керек еді.

Әйтсе де А.Рыбаков келмей қалды да, Д.Попко ойнамастан ширек финалға жолдама алды.

Дмитрий Попко жүлде қоры 41 мың АҚШ долларына бағаланған доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 230-ракеткасы, тағы бір америкалық Тристан Бойер немесе рейтингіде 702-орындағы мексикалық Родриго Пачеко Мендестің біреуімен таласады.

Д.Попко қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 234-орынға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовның Хорватиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

ҚазАқпарат