Димаш Түркияда жеке концертін өткізеді

Димаш Түркияда жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген әлем елдері бойынша «Stranger» атты турнесін жалғастырып жатыр. Турне аясында қазақстандық әнші Түркияда жеке концертін өткізеді.

«DimashAli» шығармашылық орталығы 2023 жылғы 6 мамырда Түркияның Анталья қаласындағы Акдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті туралы хабарлайды», - делінген парақшада.

Билеттер сатылымы https://www.dimashali.com сайтында Астана уақытымен 23 қаңтар күні, сағат 12:00-де басталды.

Акдениз университетінің көпфункционалды стадионы Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан. Сыйымдылығы – 7100 адам.

Айта кетейік, Димаш «Stranger» әлемдік турнесін Алматы қаласынан бастаған. 

Түркиядағы концертіне дейін Д.Құдайберген 29 сәуірде Армениядағы фанаттарын қуантпақ.  Концерт ірі кешендердің бірі, 12 мың көрерменге арналған Карен Демирчян атындағы спорт-концерт кешенінде өтеді. Билеттерді алдын ала сату 31 қаңтарда аяқталады.

Ал 24 маусымда қазақстандық әнші Малайзияда жеке концерт беруді жоспарлап отыр.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: ru.dimashnews.com.