Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі болды

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі болды
фото: Photo:Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан

Бүгін Халықаралық көші-қон ұйымы жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындалғанын мәлімдеді.

Қазақстандық музыкант, әнші және композитор Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының аймақтық ізгі ниетті елшісі (Азиядағы аймақтық рөлі) болып тағайындалды.

"Мен Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі ретінде мигранттардың құқықтарын қорғауды мақтан тұтамын. Әрбір адамның құқығы мен мүмкіндіктері үшін аспаны ашық бейбіт әлемді бірге құрайық", - деп мәлімдеме жасады Құдайбергенов.

 Одан бөлек тағы сегіз әлемдік жұлдыз елші атанды.

Халықаралық көші-қон ұйымы – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді. Халықаралық көші-қон ұйымы Біріккен ұлттар ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылған.

ҚазАқпарат