Депутаттар баспана мен көлікті халыққа лизингке беруді ұсынды

Депутаттар баспана мен көлікті халыққа лизингке беруді ұсынды
фото: sputnik.kz

      Лизинг бағдарламасы арқылы мәжілісмендер халықтың қарыз кредит алу деңгейін төмендетуді мақсат етіп отыр

      Қазақстанда жеке тұлғаларға тұрғын үй мен автокөлік сатып алу үшін лизинг енгізу жоспарлануда, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігі.

      Мәжілісмендер заңға өзгерістер енгізіп, бұл қаржы құралын кәсіпкерлерге ғана емес, қарапайым азаматтарға пайдалануға жағдай жасау қажет деп есептейді. Яғни, азаматтар кейіннен сатып алатындай етіп ұзақ мерзімге жалға берілетін тұрғын үй мен автокөлікті рәсімдей алады.

      "Жеке тұлғалардың келісімшарты бойынша лизинг нысанасы мемлекеттік тіркеуге алынатын жеке тұрғын үй, пәтер, автокөлік болуы керек", - деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

      Сондай-ақ депутаттар мерзімі өткен соманың көлемін шектеуді көздеп отыр – олар 90 күн төленбегеннен кейін өсімақы есептеуге тыйым салуды ұсынады. Сонымен қатар жеке тұлғалар лизингке алған затын мерзімінен бұрын қайтарып, төлемдерін толықтай аяқтай алады.

      Сонымен қатар азаматтар лизинг шарты бойынша міндеттемелерді өтеу әдісі мен мерзімін өздері таңдай алады, деп мәлімдеді ведомство.

      "Бұл қаржы құралын енгізу азаматтардың материалдық игіліктерге қолжетімділігін арттыру және қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі", - деп есептейді министрліктегілер.

      Сондай-ақ, жаңа лизинг түрі банк беретін кредитке арзан баламаға көшу арқылы халық арасындағы қарыз деңгейін де төмендетеді, дейді ведомство өкілдері.

      Лизинг – дегеніміз нысанды кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға беру. Жалға беру кезінде лизинг берушіге төлемдер жүргізіледі де, содан кейін олар мүліктің бағасынан шегеріледі. Жалға алынған нысанды пайдаланғаны үшін төлемдер оның өзіндік құнына қарай есептеліп, соңғы сату бағасы бірте-бірте төмендейді. Лизинг кредит пен жалға алуды біріктіретін қаржы құралы.

      SN.KZ