Дәрігер өлімге әкелетін қан ұюдың 7 белгісін атады

Дәрігер өлімге әкелетін қан ұюдың 7 белгісін атады

   Қол немесе аяқ ісініп, ауырсыну мен қызару пайда болады.

 

   Қыс кезінде тоңып сосын бірден жылынатын кезіміз көп. Оған мән беріп қарамаймыз. Дәрігер ағзаның мұздап бірден жылынуы өмірге қауіп төндіретін қан ұюын тудыратынын айтады.

   Қыстың қауіпі – температураның күрт өзгеруі. Көшеде тоңамыз, қолымызды, аяғымызды, кейде тіпті өз мұрнымызды да сезбей, тезірек жылы бөлмеге кіруге тырысамыз. Жылынғасын тағы да сыртқа шығамыз. Бұл теріге және иммундық жүйеге ғана емес, сонымен қатар қан ағымына да зиян тигізеді.

   "Температураның кенет өзгеруі, мысалы, адамдар суықтан ыстық бөлмеге кіргенде, денеде жылу күйзелісі туады, өйткені ол тұрақты температураны ұстап тұру үшін көп жұмыс істеуі керек. Мұндай күйзеліс қанның консистенциясына тікелей әсер етеді", - дейді хирург Марк Уайтли Express-ке берген сұқбатында.
Маманның сөзін қытай ғалымдарының зерттеуі дәлелдеп отыр. Зерттеушілер адам жылыдан бірден суық ауа райына шыққан сайын, қан ұюы, әсіресе терең тамыр тромбозының қаупі соғұрлым жоғары екенін анықтады.

   Денеде қан ұйығанын қалай түсінуге болады?

• қол немесе аяқ ісініп, ауырсыну мен қызару пайда болады;

• ЖРВИ немесе тұмаудың басқа белгілері болмаса дақызу көтеріледі;

• асқазан ауруы, диарея және құсудан зардап шеге бастасаңыз, уланудан басқа, бұл тромбоз белгілері болуы мүмкін;

• кеуде ауырады, тыныс алу қиындайды;

• көп терлей бастайсыз;

• жиі бас айналады;

• әлсіздік.

   "Атеросклероз, гипертония, әртүрлі жүрек аурулары бар адамдар ауруға жиі шалдығады. Суықта ұзақ жүру жүрек талмасын тудыруы мүмкін", - дейді Марк Уайтли.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?

   Ең қарапайым кеңес – жылы киіну. Жүннен, табиғи матадан жасалған киім киіңіз, әрқашан жылы шарф, қолғап, шұлық киіңіз.

   Дене белсенділігі туралы ұмытпаңыз. Жаттығуларға бару, мүмкіндігінше қозғалу керек.

   "Суық айларда белсенді болу маңызды, өйткені бұл қан ағымын жақсартуға көмектеседі, осылайша ағза тезірек қызып, баяу суиды", - дейді дәрігер.
Мәзірге пісірілген көкөністерді, ыстық сорпаларды, еттерді, ыстық шайларды және кофені қосыңыз. Ақуыз бен пайдалы майларға бай тағамдар да жылуды сақтауға көмектеседі.

   SN.KZ