Сарапшы қант диабетімен ауыратындарға және асқазан жарасы өршігендерге қауыннан бас тартуға кеңес берді.
Қауында қант көп. Сондықтан оны артық салмағы бар және ағзасында зат алмасу процесі бұзылған адамдар да жемегені жөн.
«Қауын – өте ауыр өнім. Тағы бір ескеретін нәрсе, ол асқазанда емес, ішекте қорытылады. Сондықтан оны басқа тамақпен бірге жеуге болмайды. Балаларға көбіне тамақтанғаннан кейін қауын жеуге кеңес беріп жатады. Олай жасауға болмайды», – дейді дәрігер-диетолог Анжелика Дюваль.
Дәрігер ересектерге күніне 400 грамм, ал балаларға 200 грамм қауын жеуге кеңес берді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через