фото: Pexels
Сеченов университетінің профессоры, невропатолог Алексей Данилов ыстық ауа райында сергек болып, әлсіремей жақсы сезінуге көмектесетін қарапайым тәсілдерді атады.
Маман ыстықта сергек болу ұшін мұзды сусындардан бас тартуға шақырды. Оның орнына жоғары ауа температурасында салқын суды немесе бөлме температурасында көк шайды ұсынды.
"Ыстықта мұз адамға өте жағымды болары сөзсіз. Алайда ол тек уақытша жеңілдік сезімін береді. Кейін көптеген адамдарда әлсіздік, шаршау сезімі пайда болады. Өйткені мұзды сусын асқазанда спазмды тудырып, бұл вегетативті жүйке жүйесінің бұзылуына әкеледі ", - деп ескертті дәрігер.
Даниловтың айтуынша, сергек болудың ең жақсы тәсілі - душ қабылдау. Ал толық салқындатуға мүмкіндік болмаса, дәрігер бетіңізді салқын сумен жуып, қолыңызды шынтаққа дейін сулап, мойынға дымқыл орамал немесе сүлгіні таңуға кеңес берді. Дененің төменгі бөлігінде жеңіл физикалық жаттығулар жасау арқылы да көңіл-күйді көтеруге болады. Данилов еңкейіп, аяқты сермеу қан айналымын жақсартып, күш беретінін түсіндірді.
Сонымен қатар, егер адамда ыстықтан жүрек соғысы жиілеп көз алды қарайтын болса, басқа салқындатқыш компресс қойып, жатуға кеңес берді.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через