COVID-19 салдары ақыл-ой қабілетінің төмендеуіне әкеліп жатыр

COVID-19 салдары  ақыл-ой қабілетінің төмендеуіне әкеліп жатыр

               Бұл туралы Каир университетінің неврология профессоры Амру Хасан «Аль Арабияға» берген сұхбатында әңгімеледі.
               Короновирустан айыққан адамдарда шаршау,тыныс алу жолдары келеңсіздіктерінің ұзаққа созылуы  және мидың тұмандануы сынды көптеген белгілер пайда болады.

                Амру Хасанның айтуынша ковид салдарынан ағзаның әлсіреуінен ми қызметі нашарлайды.Ақпаратты есте сақтау мен зейін төмендейді.Бұл белгілер аурудан айыққан соң бірнеше ай бұрын сақталуы мүмкін.

                Ковидтің салдарынан емдейтін арнайы дәрі-дәрмек жоқ дейді профессор. Науқастың жағдайын жақсартуға байланысты бағытталған жалпы ұсыныстармен ғана шектелуге тура келеді екен.

                Сонымен осы айтылған айтылған белгілерді  байқасаңыз,  салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Белсенді әлеуметтік өмір сүруге тырысыңыз. Тамақ мәзіріне ерекше назар аударыңыз. Көкөністер мен жаңғақ сияқты есте сақтауды жақсартатын тағамдарды жеп, ақыл-ойды дамытатын ойындар ойнаңыз және күйзелістен сақ болыңыз деп кеңес береді сарапшылар