фото: horexexpo.kz
CleanExpo Kazakhstan көрмесі Қазақстан үшін бірегей жоба болып табылады, ол өз алаңында клининг саласын дамытудың негізгі бағыттарын көрсете отырып, әрбір салаға дерлік қажетті қызметтер саласының өнімдерін ұсынады.
CleanExpo Kazakhstan көрмесі келушілерге тазалық индустриясындағы соңғы әзірлемелер туралы пайдалы ақпарат алуға, қолайлы клинингтік компанияны таңдауға, клинингтік сала мәселелерін талқылауға немесе кәсіби тазалаумен қалай болғанда да байланысты адамдармен жай ғана аздап қатынасуға болатын шеберлік-сабақтарына, дөңгелек үстелдерге, байқауға қатысуға мүмкіндік береді. Дәл осы жерде тәжірибе алмасу және іскерлік байланыстар орнату мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, жаңа жуғыш құралдар, жаңа жабдықтар мен технологиялар ұсынылады.
CleanExpo Kazakhstan көрмесі HOREX -Орталық Азия Халықаралық "Барлығы қонақ үйлер, мейрамханалар, супермаркеттер үшін" көрмесімен, WorldFood Kazakhstan - Орталық Азия халықаралық "Тамақ өнеркәсібі" көрмесімен бір мезгілде өтеді, бұл бір көрме алаңында сала мен нарықтың өзекті мәселелерін шешу бойынша неғұрлым тиімді серіктесуге арналған өзара тығыз әрекеттесетін салалардың мамандарын жинауға мүмкіндік береді.
КӨРМЕГЕ КЕЛУШІЛЕР
КОМПАНИЯ ИЕЛЕРІ, БАСШЫЛАРЫ, МАМАНДАР:
клинингтік компаниялардың, химиялық тазалаудың, кір жуу орындарының, тұрмыстық үйлердің;
қонақ үй-мейрамханалық бизнес кәсіпорындарының
супермаркеттердің, сауда-ойын-сауық кешендерінің, бизнес-орталықтардың;
спорт-сауықтыру кешендерінің, медициналық мекемелердің;
әуежайлардың, теміржол вокзалдарының, автосалондардың, автосервистердің;
азық-түлік және азық-түліктік емес тауарларды өндіруші кәсіпорындардың.
РЕСМИ ҚОЛДАУ
Алматы қ. Әкімдігі (Әкімшілігі)
Клинингтік компаниялардың Орталық Азия Қауымдастығы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
Қазақстан Республикасының стратегиялық қолайлы орналасуы мен тұрақты ішкі саяси жағдайы бар. Ел экономикасының серпінді дамуы, оның инвестициялық тартымдылығы, өз кезегінде, тазалық индустриясы мәселелерін шешуде жаңа заманауи тәсілді талап етеді. Қазақстанда соңғы жылдары байқалып отырған тұрғын үй және өндірістік құрылыстың белсенді өсуі саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қоса оған қойылатын талаптардың деңгейін арттырады. Нарық өз дамуының белсенді кезеңінде тұр және алуан түрлі, жоғары сапалы техниканы, технологиялар мен жабдықтарды қажет етеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через