Бұхара қаласына Түркі әлемі жастары бастамаларының алғашқы астанасы мәртебесі берілді

Бұхара қаласына Түркі әлемі жастары бастамаларының алғашқы астанасы мәртебесі берілді

Өзбекстанның Бұхара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы жас көшбасшыларының IV Форумы өтті. Форум аясында Бұхара қаласына «Түркі әлемі жастары бастамаларының алғашқы астанасы» мәртебесі берілді.

Форумның ашылуында Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдад Әміреев Бұхара қаласына «Түркі әлемі жастары бастамаларының алғашқы астанасы» мәртебесін беру туралы ресми сертификатты тапсырды.

Сонымен қатар, бұл күндері «Түркі әлемінің жастар саябағы» және «Бұхара – түркі әлемі жастары бастамаларының алғашқы астанасы» монументі ашылды.

Форум жұмысына Қазақстан атынан Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, музыка, спорт, креативті индустрия және IT салаларында жетістікке жеткен талантты жастар делегациясы қатысты.

 

Айта кетейік, жас көшбасшылар форумы 2018 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осы уақытқа дейін форум Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстанда өтті. Келесі басқосу Түркияның Бурса қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, түркі әлемінде 2022 жыл - жастар бастамаларын қолдау жылы ұранымен өтіп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат