Бүгін бокстан екінші Халықаралық «Елорда кубогы» турнирі басталады

Бүгін бокстан екінші Халықаралық «Елорда кубогы» турнирі басталады
фото: turkystan.kz

Елордада өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы дүбірлі додада 12 елден 200-ден астам спортшы бақ сынайды. Олардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және басқа елдердің өкілдері бар.

Ерлер 13 салмақ дәрежесінде, ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде мықтыны анықтайтын болады. Жүлде қоры мынадай: бірінші орынға – 700 доллар, екінші орын иегерлеріне - 400 доллар, үшін орынға 200 доллардан бұйырады.

Халықаралық турнир АИБА жарыстарының техникалық ережелеріне сәйкес өтеді. Жекпе-жек 3 минутқа созылатын үш раундтан тұрады, раундтар арасында бір минуттық үзіліс болады. 10 ұпайлық АИБА ұпай жүйесі қолданылады.

Жекпе-жекті Qazsport телеарнасы мен «QAZAQ RING» YouTube платформасы тікелей эфирде көрсетеді. Күнделікті жарыс сессиясының басталуы 14:00-де.

Қала тұрғындары мен қонақтары байрақты бәсекені тегін тамашалай алады. 

Дереккөз qazaqstan.tv. Фото turkystan.kz.