26 қыркүйекте Алматыда Жоғары технологиялық зертханалық зерттеу жүргізетін биотехнологиялық компанияларға арналған бірінші Орталық-Азиялық форум өтеді.
Шараға Қытай, АҚШ және Еуропа елдерінен келген мамандар қатысады.
Спикерлер қатарында Bruker, Beckman Coulter, Becton Dickinson, Merck, Mettler Toledo, Xian Tianlong, KFBio, Medite, Alifax, Applied Spectral Imaging, Alliance Bio Expertize, Teledyne тағы басқа да компаниялардың жетекшілері, бөлім басшылары бар. Форумға барлығы 400-ден астам қонақ шақырылған.
Lab-Quryltai – ғылым, өндіріс саласындағы жетекші сарапшылардың басын қосатын ашық алаң.
Жиында биотехнология жетістіктерімен таныстыру және оны өндірісте барынша қолдану жайы сөз болады. Бүгінгі таңда зертханалық жабдықтардың көмегімен түрлі аурулардың алдын алуға болады.
«Дұрыс тамақтану жүйесін қалыптастырып, тіпті нақты бір спорт түрінің адам ағзасына тигізер септігін де анықтауға болады. Зерттеу қорытындысы 15 минут ішінде 100 пайыздық дәлдікпен дайындалады», дейді ғалымдар.
Жалпы бүгінгі таңда тек медициналық және биотехнологиялық зерттхана жабдықтарының әлемдік нарығының айналымы жылына 80 млрд АҚШ долларынан асады. Егер өндіріске, түрлі зерттеу мақсаттарына, техникалық сынақ пен экспертизиаға жұмсалатын қаржыны қоса есептесек, жылына 400 млрд АҚШ долларынан асады.
Фото: egemen.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через