Бразилия ерлер мен әйелдердің жалақысын теңестірмекші. Елде әйелдердің жалақысы ерлердікінен 20% аз болған.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінде ел президенті Луис Инасиу Лула да Силва бірдей қызмет атқаратын ерлер мен әйелдердің еңбекақысын тең төлеу туралы заң жобасын ресми ұсынды.
Оның авторы - Бразилия парламентінің мүшесі Самия Бонфин.
Заң жобасының мәтінінде компаниялардың жалақы төлеу саясатын ашық етуі және жалақы төлеуде кемсітушілікке қарсы күресу мәселелері қарастырылған.
Бразилияда халықаралық әйелдер күнінде әйелдер құқығын тікелей насихаттайтын Бразилия Үкіметі бастаған бірқатар шаралар жарияланып, атап өтіледі.
2019 жылы IBGE мемлекеттік статистика агенттігі жүргізген сауалнама көрсеткендей, әйелдер талданған бүкіл кәсіптерде ерлерге қарағанда аз жалақы алады.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото Dreamstime
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через