БҚО-да Кореяның ақылды технологиялары енгізіледі

БҚО-да Кореяның ақылды технологиялары енгізіледі

     Батыс Қазақстан облысында су ресурстарын басқаратын ақылды жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл туралы Сеулде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы су ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі кеңесте белгілі болды.

     Атап айтқанда, Каменск топтық су құбырын жаңғырту мәселелері қаралды. Нысан 40 жыл бұрын пайдалануға берілген. Қазір тозығы жетіп апат болу қаупі жоғары. Енді Корейлік корпорация жаңа технологиялардың көмегімен мәселені шешуді көздеп отыр. Замануи құрылғылар орнатып,у, қашықтан басқару жүйесін енгізіп, суды үнемдеуге, және экологияға зиян келтіретін заттарды азайтуды жоспарлап отыр. Жаңа жоба 2025 жылы жүзеге асырылатын болады.

     Ли Су Хен, Корея су ресурстар корпорациясының бөлім бастығы:

      - Оператор су көлемі мен сапасын онлайн режимде оңай басқарады және сумен жабдықтау нысандарын бақылай алады. Ақылды сенсорлар мен есептегіштердің арқасында біз су беруді қашықтан басқаруды жүзеге асырамыз. Мобильді қосымшаның тағы бір көмегі – ол тұтынушылармен байланысты қамтамасыз етеміз.

     Ақпарат дереккөзі