Болашақ гаджеттері: CES 2022 халықаралық көрмесі өтті

Болашақ гаджеттері: CES 2022 халықаралық көрмесі өтті
фото: https://sputnik.kz

Болашақ гаджеттері: CES 2022 халықаралық көрмесі өтті

BMW түсін өзгерте алатын электрлі автоның прототипін таныстырды. Бұл машина түсі мен дизайнын өзгертуге мүмкіндік беретін электронды бояулар технологиясын қолдануды қарастыратын iX Flow жүйесінің арқасында мүмкін болды.

Лас-Вегаста CES 2022 жоғары технологиялық жаңашылдықтар көрмесі аяқталды. Жақын болашақта адамның айнымас көмекшісіне айналуы әбден мүмкін.

CES – бұл 1967 жылдан бері өткізіліп келе жатқан тұтынушылар электроникасының халықаралық көрмесі.

Жыл сайын көрме әлемге жақын уақытта күнделікті тұрмыста жиі қолданылуы мүмкін жоғары технологиялық өнертабыстар мен әзірлемелерді таныстырады.

Көрме аясында болашақ құрылғылардың стартаптары мен инновациялары, трендтері мен тұжырымдамалары таныстырылады.

Көрмеге қатысушылардың толық тізімін CES 2022 ресми сайтынан көруге болады. Олардың арасында Intel, Google, Amazon, Meta, Twitter, Pinterest сынды ІТ-индустрияның алыптары бар. Сонымен қатар Sony, Nvidia, Bosch, Lenovo, WarnerMedia және басқалар да өз жаңалықтарымен таныстырды.

Көрме аясында робот техникасына ерекше мән берілді.

Олардың ішінде түсін өзгертетін автокөлік, үй жануарларының денсаулығын бақылауға арналған датчиктер, жасанды интеллектпен жабдықталған кір жуу машиналары мен тоңазытқыштар, күннен қорғайтын "ақылды" көзілдірік пен тіс щеткасы бар.

 Мәтіндегі ақпарат туралы