Бокстан қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы халықаралық турнирде қарсыласын жеңді

Бокстан қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы халықаралық турнирде қарсыласын жеңді
фото: pixabay.com

Қазақcтандық боксшы Назым Қызайбай Ла Нусияда (Испания) өтіп жатқан Boxam Elite-2024 халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы sports.kz сайтына сілтеме жасап деп хабарлайды. 

Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Португалия өкілі Рита Соарешпен кездесіп, оны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен сенімді түрде жеңді, есеп 5:0.

Осылайша қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік алды.

Қазақстандық Айдана Забынбекова да турнирді сәтті бастады: ол 1/8 финалдық кезеңде филиппиндік Риза Пасуитпен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.