Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде Серік Теміржанов (57 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Қазақстандық спортшы 1/16 финалда Мали елінен келген Абдул Карим Батилимен кездесті. Бұл А рингінде сол күні өтетін алғашқы жекпе-жек болды.
Шаршы алаңда қазақстандық былғары қолғап шебері жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде төрешілердің бірауызды шешімімен С.Теміржанов жеңіске жетті.
Енді ел құрамасынан бүгін 19:00-де басталатын кешкі сессияда Нұрбек Оралбай (80 келі) әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевпен кездессе, Айбек Оралбай (92 келі) италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен қолғап түйістіреді.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) Санатәли Төлтаев (63,5 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Еске салсақ, 4 мамырда Қазақстан құрамасынан Санатали Төлтаев (63,5 келі) Маврикийден келген Колину Ришарноға есе жіберсе, одан кейін Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) ресейлік Алексей Дроновтан басым түсті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через