Фото: sports.kz
Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Римма Волосенко бастапқы кездесуін сәтті өткізді.
Римма Волосенко 60 келіге дейінгі салмақта өзі сияқты Азия чемпионы, өзбекстандық Ситора Тұрдыбековамен жұдырықтасты.
2022 жылы Ыстанбұл қаласында өткен дүниежүзілік додада Р.Волосенко алғашқы айналымда-ақ ағылшын қызы Шона Уитуэлден жеңіліп қалған еді.
Бұл жолы бірінші раундта бес төрешінің үшеуі өзбекстандық боксшы басым деп тапты. Екіншісінде Римма таразы басын өзіне аударды. Бірақ ол үшінші раундта ескерту алып қалды. Дегенмен қазылар жеңісті Римма Волосенкоға берді.
Р.Волосенконың келесі қарсыласы – армениялық Элида Кочарян.
Бүгін сондай-ақ Қазақстаннан Фариза Шолтай 81 келіге дейінгі салмақта Тринидад және Тобаго елінің өкілі Лиэнн Будрэммен рингке шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Жазира Орақбаеваның алғашқы қарсыласынан нокаутпен жеңгенін жазған болатынбыз.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через