фото: https://dzen.ru/
Нутрициолог мамандардың айтуынша оның еті де, жұмыртқасы да дәруменге толы.
Қазір бөдене асырайтын азаматтар көбейіп келеді. Мәселен тәулігіне 3 мың жұмыртқа мен 3 келі бөдене етін өндіретін кәсіпкердің бірі Астанада тұрады. Ол күніне 50-60 мың теңге пайда табады.
Елордалық Бағлан Сарбасовтың бөдене кәсібімен айналысқанына көп болған жоқ. Десе де кәсіп иесі аз уақыт ішінде құс санын 5 мыңға жеткізген. Олардың жұмыртқасы мен етін елорданың сауда дүкендеріне сатып, мол табысқа кенеліп отыр. Келешекте ауқымды бөдене фермасын ашуға ниетті.
Бүгінде кәсіпкердің шаруашылығында бөдененің 4 түрі бар. Бірі жұмыртқаны жақсы берсе, енді біреуі етті. Бөдене орташа есеппен әр 16 сағат сайын жұмыртқалайды. Қазір өнімнің нарықтағы құны 40 теңгеден кем емес. Ал етінің келісі 4 мыңнан асады. Бағасы қымбат болғанмен, оған деген сұраныс жоғары.
Мамандар бұл өнімді тұтыну арқылы қатерлі ісік пен қаназдық, гинекологиялық аурулардан айығуға болатынын айтады. Бастысы аш қарынға ішпеу қажет.
Бөдене жұмыртқасының тауық жұмыртқасына қарағанда калориясы көп болады. Мұны жеген адамның иммунитетті көтеріліп, ойлау қабілеті жақсы жұмыс істейді. Белсенділігі жоғары ер адамдарға аптасына 6-7 жұмыртқадан көп жеуге болмайды.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через